Столтенберг Грузияның НАТО-ға мүшелігін қолдағанын мәлімдеді

НАТО Бас хатшысы Грузияның НАТО мен ЕО мүшелігін қолдағанын мәлімдеді.

2105747
Столтенберг Грузияның НАТО-ға мүшелігін қолдағанын мәлімдеді

Йенс Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде Грузияның жаңа премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті.

Столтенберг НАТО серіктесі Грузияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын атап, Ресей басып алған аймақтардағы аннексия шешімінің қабылданбайтынына назар аударды.

Грузия мен НАТО арасындағы серіктестіктің одан әрі қалай дамытылатынын талқылайтындарын айтқан Столтенберг «Грузияның Еуро-Атлантикалық отбасына толық мүшелік, одан көбірек демократия мен өмір салтын жақсартуға бағытталған қадам басқанын көргіміз келеді» деді.

Кобахидзе сондай-ақ өз міндетін қабылдағаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарын Брюссельге, ЕО және НАТО-ға жасағанын, мұның өз елін осы «отбасының» бір бөлігі етуге деген ерік-жігерін көрсететінін тілге тиек етті.

Кобахидзе өз елінің 20 пайызының оккупацияланғанын атап, НАТО мен одақтастарын елін бұрынғыдан да көбірек қолдауға шақырды.

Грузия премьер-министрі Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишель, Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель және Еуроодақ комиссиясының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархелимен өткенде бас қосқан болатын. Грузия Еуроодаққа үміткер ел мәртебесін желтоқсанда алған еді.



Ұқсас жаңалықтар