«Үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары 24 ақпан күні бас қосады

Италия премьер-министрлігі бейнеконференция форматында өтетін саммит туралы мәлімдеме жасады.

2105163
«Үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары 24 ақпан күні бас қосады

АҚШ, Германия, Канада, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапониядан тұратын «Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларының Ресей-Украина соғысының басталғанына 2 жыл толуына орай 24 ақпан күні бейнеконференция арқылы бас қосатыны хабарланды.

Италия премьер-министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларының Италияның кезекті төрағалығында алғаш кездесуін бейнеконференция арқылы өткізетіні атап көрсетілді.

Италия премьер-министрі Джорджия Мелони басшылық жасайтын жиналысқа Украина президенті Владимир Зеленский де қатысады деп күтілуде.

Италияның кезекті төрағалығымен бетпе-бет «Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларының саммиті 13-15 маусым күндері елдің оңтүстік-шығысындағы Пуглия аймағында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар