"Қарулы күштердің ең маңызды мәселесі - кадр жетіспеушілігі"

Радев қарулы күштерге ерекше қабілетті жастардың қабылдануы және кәсіптік білім берілуі керектігін айтты.

2105267
"Қарулы күштердің ең маңызды мәселесі -  кадр жетіспеушілігі"

Болгария Президенті Румен Радев қарулы күштердің алдындағы ең маңызды мәселенің кадр жетіспеушілігі екенін айтты.

Президент Бас штаб төрағалығында қарулы күштердің жылдық жиналысында сөз сөйледі.  Елдің қорғаныс қабілеттерін жоспарлауға байланысты өте күрделі сатып алу процедура бар екенін атап көрсеткен Радев «Қарулы күштеріміздің алдындағы ең маңызды мәселе – кадр жетіспеушілігі» деді.

Ол қарулы күштерге ерекше қабілетті жастардың қабылдануы және кәсіптік білім берілуі керектігін айтты.

Жиналысқа қатысқан Қорғаныс министрі Тодор Тагарев болса армиядағы кадр жетіспеушілігі секілді мәселелердің кешіктірілмей шешілуі қажет екенін айтты.

Бас штаб басшысы Эмиль Эфтимов «Еліміз қорғаныс саласында инвестицияда артта қалды. Осы саладағы қаражат үшін қоғамның қолдауы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар