Хоуситтер екі АҚШ кемесін нысанаға алды

Яхья Сери «Хоуситтер Аден шығанағында АҚШ-тың екі кемесіне шабуыл жасады» деді.

2104525
Хоуситтер екі АҚШ кемесін нысанаға алды

Қызыл теңіздегі шабуылдарымен жаһандық саудаға қауіп төндірген Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер елдің оңтүстігіндегі Аден шығанағында екі АҚШ кемесін нысанаға алғанын алға тартты.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья Сери «Әскери-теңіз күштері Газа секторындағы Палестина халқына қарсы қысым жасау және қоршаумен қатар АҚШ мен Ұлыбританияның шабуылдарына тойтарыс ретінде Аден шығанағында АҚШ-тың екі кемесіне шабуыл жасады» деді.

Иранның қолдауымен хоуситтер Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына наразылық ретінде 31 қазанда Израиль компанияларымен байланысы бар деп мәлімдеген Йемен жағалауында коммерциялық кемелерді басып алып, олардың кейбіріне ұшқышсыз әуе аппарамттармен шабуыл жасай бастады.

Хоуситтердің әрекетінен кейін көптеген жүк тасымалдау компаниялары Қызыл теңіздегі саяхаттарын тоқтатуға шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар