Израиль шабуылдарында 24 сағатта 103 адам қаза тапты

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

2104898
Израиль шабуылдарында 24 сағатта 103 адам қаза тапты

Израильдің халықты аштық пен су тапшылығына мәжбүрлеген Газа секторына жасаған шабуылдарда қаза тапқан палестиналық саны соңғы 24 сағатта 103-ке артып, 29 мың 195-ке жетті.

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде Израильдің 137 күннен бері жалғасқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Израиль күштерінің соңғы 24 сағатта Газа секторында 103 палестиналықты тағы өлтіргені атап көрсетілген мәлімдемеде шабуылдарда қаза тапқандар санының 29 мың 195-ке жеткені білдірілді.

Соңғы шабуылдарда Израиль күштерінің тағы 142 палестиналықты жаралағаны, Газа секторында жараланғандардың жалпы санының 69 мың 170-ке жеткені хабарланды. Үйінді астында және жол жиегінде әлі де мәйіттер бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің мәйіттерге жете алмағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар