Ливия: "Ердоған мен Сисидің бас қосуына ризамыз"

Ливияның Экономика және сауда министрі Мысырдың «Әл-Шамс» телеарнасына сұхбат берді.

2103876
Ливия: "Ердоған мен Сисидің бас қосуына ризамыз"

Ливия Экономика және сауда министрі Мұхаммед Али әл-Хувейж президент Режеп Тайып Ердоған мен Мысыр Мемлекет басшысы Абдулфеттах әл-Сиси кездесуінің Ливияны тезірек қайта құру және құрылысына үлес қосатынын атап көрсетті.

Мысырдың «Әл-Шамс» телеарнасына берген сұхбатында Хувейж Ердоған мен Сисидің бас қосуына ризашылығын білдірді.

Түркия мен Мысырдың өз елінің екі тарихи экономикалық серіктесі екенін атап көрсеткен Хувейж Ердоған мен Сиси кездесуі және түрік пен мысырлық компаниялардың бас қосуының Ливияның қарқынды дамуы мен құрылысына ықпал ететінін баса айтты.

Хувейж «Олардың барлығында тәжірибе мен әлеует бар, барлығынан пайдаланамыз» деді.

Ердоған 14 ақпан күні Мысыр сапары аясында Сисимен бас қосып, екі ел арасындағы қарым-қатынастарға қоса Ливия мәселесін талқылаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар