Голландияда эритреялық екі топ бір-бірімен қақтығысты

Гаагада әртүрлі көзқарастағы эритреялық топтар әрі бір-бірімен, әрі полициямен қақтығысты.

2103815
Голландияда эритреялық екі топ бір-бірімен қақтығысты

Голландияның әкімшілік бас қаласы Гаагада әртүрлі көзқарастағы эритреялық топтар әрі бір-бірімен, әрі полициямен қақтығысты. Тастар және таяқпен қақтығысқан топтар айналадағы көліктерді өртеп жіберді.

Жергілікті ақпарат құралдарына қарағанда Эритрея үкіметін жақтаған бір топ Гаагада бір залда жиналған кезде, оппозициялы көзқарастағы тағы эритреялық бір топ тас және таяқпен залға кіруге тырысты.

Ғимараттың терезелерін сындырып, полиция көліктері мен автобустарын өртеген шерушілерге газ сеуіп операция жасалған оқиғада кейбір полиция қызметкерінің жараланғаны атап көрсетілді.

Гаага муниципалитеті баспасөз хатшысы Робин Миддел «Опера» конференциялық залында жиналған Эритрея үкіметі жақтастары мен қарсы топ арасында шыққан қақтығыстың бақылаудан шыққанын айтты.

Гаага полициясының «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Опера конференция залы орналасқан Фруитвег көшесінде эритреялық екі топ тастармен төбелескенін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полицияның операция жасағанын атап көрсетті.

Шерушілер көптеген полиция көлігі мен кейбір автобустарды өртеп жіберді.

Өрттер өрт сөндіру қызметі тарапынан сөндірілді.



Ұқсас жаңалықтар