Төрт елге қолдау көрсетеді

Жапония Индонезия, Малайзия, Филиппин және Вьетнамға теңіз қауіпсіздігі саласында 10 жылдық қолдау көрсетеді.

2103051
Төрт елге қолдау көрсетеді

Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Оңтүстік Қытай теңізіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына (АСЕАН) мүше 4 елге теңіз қауіпсіздігі бойынша 10 жылдық қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Осыған сай  JICA Оңтүстік Қытай теңізіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында АСЕАН мүшелері Индонезия, Малайзия, Филиппин және Вьетнамға теңіз қауіпсіздігі саласында 10 жылдық қолдау көрсетеді.

2025 жылдың наурыз айында егжей-тегжейлері жариялануы жоспарланған қолдау пакеті шеңберінде аталған елдерге қауіпсіздік саласында, соның ішінде ұшқышсыз ұшақтар, радар құрылғылары және патрульдік кемелер мүмкіндігін арттыратын қолдау көрсетіледі.

АСЕАН-ға мүше елдер мен Жапония үкіметі желтоқсан айында ел астанасы Токиода өзара қарым-қатынастың 50 жылдығына орай достық пен екіжақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында көшбасшылар саммитін өткізген еді.



Ұқсас жаңалықтар