Иран мен Армения арасында келісім

Тегеранда екі күндік кездесуден кейін екі ел өкілдері 19 салада келісімге келді.

2102866
Иран мен Армения арасында келісім

Иран мен Армения арасында экономикалық қатынастардың жетілдірілуі шеңберінде 19 келісімге қол қойылды.

Иранның ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Иран-Армения Экономикалық бірлескен комиссиясының 18-ші отырысы өткізілді.

Тегеранда екі күндік кездесуден кейін екі ел өкілдері 19 салада келісімге келді.

Келісімдерге қол қою рәсіміне Армения вице-премьері Мхер Григорян мен Иран бюджет және жоспарлау мекемесінің басшысы Давуд Мензур қатысты.


Этикеттер: #келісім , #Армения , #Иран

Ұқсас жаңалықтар