Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 241-ге жетті

Исикава уәлаяты әкімшілігі мәлімдеме жасады.

2102033
Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны  241-ге жетті

Жапонияның батысындағы Исикава уәлаяты және осы аймақтағы Ното түбегінің жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 241-ге жетті.

Исикава уәлаяты әкімшілігі жасаған мәлімдемеде қаңтар айының бірінші аптасында болған бірнеше жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 241-ге жеткені хабарланды.

Мәлімдемеде 13 мыңнан астам адамның эвакуациялау пункттерінде екені және із-түссіз жоғалған 11 адамды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.

Жартылай бүлінген және толығымен қираған ғимарат саны 65 мыңға жеткен уәлаят бойынша 31 мыңнан астам үйде су, 1500-ден астам үйде электр қуатының үзілгені хабарланды.

Орталық үкімет қайта құру жобалары аясында жасы белгілі бір деңгейден асқан үй шаруашылықтары үшін баспана басына 6 миллион иен (41 мың доллар) көлемінде қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Жапония Метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметтеріне қарғанда 1-5 қаңтар аралығында Ното түбегінде және Исикава жағалауында магнитудасы 5-тен 7-ге дейін көптеген жер сілкінісі тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар