Украинадағы қақтығысты түбегейлі тоқтату керек

БҰҰ Украинадағы қақтығысты түбегейлі тоқтату  керек екенін түсіндірді.

2101469
Украинадағы қақтығысты түбегейлі тоқтату керек

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Украинадағы қақтығысты түбегейлі тоқтату  керек екенін түсіндірді.

БҰҰ Бас хатшысының Еуропа, Орталық Азия және Америка бойынша саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Мирослав Енча бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ұйымға мүше елдерге хабарлады.

Ресейдің Украинаға басып кіруінен  2 жыл өткенін еске салған Енча елдегі қақтығыстың 2014 жылдан бастау алғанын ұмытпау керектігін баса айтты.

Енча Украинадағы соғыстың күшейіп жатқан зорлық-зомбылық пен оның бейбіт тұрғындарға тигізетін әсеріне алаңдайтындарын, сондай-ақ  әділ және тұрақты шешімнің біртіндеп жойылып жатқанын білдірді.

«Біз тек бейбіт келісімдер зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жеткіліксіз екенін білеміз. Мәселені түбігейлі шешу керек» деген Енча қоғамның барлық топтарын процеске тең дәрежеде қосудың маңыздылығын атап өтті.

Енча Украинаның басты қажеттілігінің БҰҰ жарғысы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарлары және халықаралық құқыққа сай тұрақты және толық бейбітшілік екенін атап өтті. Енча шиеленісті азайту және дипломатиялық күш-жігерді арттыруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар