БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасынан "Рафах" қаласы ескертуі

БҰҰ 78-ші Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис хабарлама жасады.

2101696
БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасынан "Рафах" қаласы ескертуі

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 78-ші Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис Израиль күштерінің Мысыр шекарасындағы Рафах қаласына бағытталған шабуылдар себепті «жаңа бір гуманитарлық апаттың алдында тұрмыз» деп ескертті.

Фрэнсис «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Израильдің Газа секторының оңтүстіктегі Рафах қаласында шоғырланған шабуылдарға «қатты алаңдаушылық» білдірді.

Әскери операциялар жүргізілген Рафахты 1 миллионнан астам адамның өте нашар жағдайда паналағанын еске салған Фрэнсис аймақта жаңа бір гуманитарлық апаттың жақын екенін атап көрсетті.

Фрэнсис хабарламасында «Бұл жол тұрақты бейбітшілікке апаратын жол емес» деді.

Сондай-ақ Фрэнсис одан әрі қантөгісті тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін ауқымды бір келіссөз құру үшін Палестинадағы жағдайды жақсартуға үлес қосатын баршаны күш-жігерін салуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар