Түркия Сомалидегі шабуылды айыптады

«Аш-Шабаб» террор ұйымы шабуылдаушының өздерімен байланысты жанкешті екенін алға тартты.

2100861
Түркия Сомалидегі шабуылды айыптады

Түркия алдыңғы күні Сомалидің бас қаласы Могадишода жасалған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

ТР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Сомали қауіпсіздігіне үлес қосқан әскери қызметкерлердің қаза тапқанына қатты қайғырамыз. Сомали, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Бахрейн халықтарына көңіл айтамыз» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Түркия Сомалидің қауіпсіздігі, тұрақтылығы және дамуы үшін қолдауын жалғастырады» делінді.

Могадишодағы Гордан әскери базасында қызмет атқарған сомалилік бір сарбаз айналасына оқ жаудырып, араларында БАӘ-нің жоғары шенді сарбаздары да бар көптеген адам қаза тауып, жарақат алған болатын.

Шабуылдың жауапкерлігін мойнына алған «Аш-Шабаб» террор ұйымы шабуылдаушының өздерімен байланысты жанкешті екенін алға тартқан еді.



Ұқсас жаңалықтар