Пашинян «The Telegraph» газетіне сұхбат берді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің ЕО-қа жақындауға дайын екенін мәлімдеді.

2101133
Пашинян «The Telegraph» газетіне сұхбат берді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің Еуроодаққа (ЕО) жақындауға дайын екенін мәлімдеді.

Премьер-министр Пашинян «The Telegraph» газетінің тілшісі Ролан Олифантқа берген сұхбатында күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап қайтарды және «Facebook»-тағы аккаунтынан хабарлама жариялады.

Тілшінің Арменияның болашақта НАТО-ға мүше болуды ойлап ойламағаны туралы қойылған бір сұраққа Пашинян елінде НАТО-ға мүшелік тақырыбының тәртібінде емес екенін атап көрсетті.

Пашинян қазіргі таңда заңды түрде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі екенін, бірақ бұл блоктың стратегиясының ұзақ мерзімді перспективада Арменияның мүддесіне сай келе ме, жоқ па деген пікірталастардың жалғасып жатқанын атап өтті.

Армения премьер-министрі соңғы кездегі ең маңызды мәселенің Грузияның ЕО-қа үміткер ел мәртебесін алуы екенін, елінің өзі қызметке кіріспес бұрын Еуроодақпен жан-жақты және кеңейтілген әріптестік келісіміне қол қойғанын, келісімді іске асыру кезеңінің көлемі мен екі ел арасында қарым-қатынастарды тереңдеткеніне назар аударып, «Армения мүмкіндігінше ЕО-ға жақындауға дайын» деді.

Пашинян тілшінің 1 ақпан күнінен бастап Рим мәртебесін қабылдап, ресми түрде мүше болғандары Халықаралық қылмыстық сотының (ХҚС) Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алу туралы шешімінің Путин Ереванға келген жағдайда, орындалып орындалмайтыны жөнінде қойылған бір сұраққа аталмыш тұтқындау шешімінің заң шеңберінде армян соттарының шешу керектігін, бұл мәселеде өзінің ешқандай өкілеттігі болмағанын және қазіргі мемлекет басшыларының мәртебесіне байланысты қолсұғылмаушылық болғаны тақырыбында заңгерлердің пікірлері бар екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар