Финляндияда президенттік сайлаудың екінші туры аяқталды

Бейресми қорытындыға қарағанда Александр Стубб президенттік сайлауда жеңіске жетті.

2100880
Финляндияда президенттік сайлаудың екінші туры аяқталды

Финляндиядағы президенттік сайлаудың екінші турындағы бейресми қорытындыға қарағанда бұрынғы премьер-министр Александр Стубб бірінші орында аяқтады.

Кеше өткен екінші тур сайлаудың бейресми қорытындысы бойынша Ұлттық коалиция партиясының үміткері, бұрынғы премьер-министр Александр Стубб жарысты бұрынғы сыртқы істер министрі Пекка Хаавистоны озып аяқтады. Стубб 51,6 пайыз дауыс жинаса, Хаависто 48,4 пайыз дауыс жинады.

Елде 28 қаңтар күні бірінші туры өткен президент сайлауы бірде-бір үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинай алмағандықтан, екінші турға қалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар