Израильдің шабуылдарында қаза тапқандар саны артты

Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар санының 28 мың 176-ға жеткені білдірілді.

2100664
Израильдің шабуылдарында қаза тапқандар саны артты

Халықты күштеп аш және сусыз қалдырған Израиль Газа секторына жасаған шабуылдарда қаза тапқан палестиналықтар саны 128-ге артып, 28 мың 176-ға жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы «Facebook» аккаунтынан жасалған мәлімдемеде Израильдің 128 күннен бері Газа секторында жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Израиль күштерінің соңғы 24 сағатта Газа секторында тағы 112 палестиналықты өлтіргені, қаза тапқандар санының 28 мың 176-ға жеткені атап көрсетілді.

Соңғы шабуылдарда тағы 173 адамның жараланғаны, жалпы жараланғандар санының 67 мың 784-ке ұласқаны білдірілді.

Министрлік үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдар бар екенін, бірақ Израиль күштерінің кедергілерінен медициналық және азаматтық қорғаныс топтарының мейіттерге жақындай алмағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар