Израильде үкіметке қарсы наразылық шеруі

Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяху үкіметіне қарсы наразылықтар жалғасуда.

2100537
Израильде үкіметке қарсы наразылық шеруі

Тель-Авив пен Иерусалимде өткен «тұтқындар шеруіне» мыңдаған адам қатысты.

Шерушілер Нетаньяху үкіметін отставкаға кетуге шақырды.

Израильді Палестиналық Азаттық қозғалысы "Хамас"-пен соғысты тоқтатуға және Палестина жерлерін басып алуды тоқтатуға шақырған шерушілер «Енді жетті. Көп адамды өлтіру шешім емес. Біз палестиналықтармен бейбітшіліктің орнағанын қалаймыз» деді.

Наразылық білдірушілер Израиль үкіметін кепілге алынғандардың барлығын босатып, тез арада сайлау өткізуге шақырды.

Израиль полициясы шерулерді түсіруге тырысқан журналистерге кедергі жасады.

Тель-Авивте үкіметке қарсы шеруде полиция 11 адамды тұтқындады.



Ұқсас жаңалықтар