Израиль әуе күштері Газа секторына шабуылдады

«WAFA»-ның хабарына қарағанда Израиль әскери ұшақтары Дейр әл-Белах аймағына әуе шабуылы жасады.

2099578
Израиль әуе күштері Газа секторына шабуылдады

Газа секторының орталық және оңтүстік бөліктеріне Израиль әуе күштері жасаған шабуылда 14 палестиналық қаза тапты.

Палестина ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның хабарында Израиль соғыс ұшақтарының Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласы мен орталық бөлігінде орналасқан Дейр әл-Белах аймағына түнде әуеден шабуыл жасағаны білдірілді.

Әуе шабуылында елді мекендердің нысанаға алынғаны атап көрсетілген хабарда Израиль соғыс ұшақтарының Рефах қаласында 2 үйді бомбалауы салдарынан 12 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны және көптеген адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.

Хабарда Израиль армиясының Дейр әл-Белах аймағына бағытталған шабуылдарында болса 2 адамның қаза тапқаны және кемінде 10 палестиналықтың жараланғаны атап көрсетілді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында кем дегенде 12 мыңы бала, 8 мың 190 әйел, барлығы 27 мың 708 палестиналық қаза тапты, 67 мың 147 адам жараланды.

Үйінділер астында әлі мыңдаған мәйіт болғаны білдіріліп, адамдар паналаған ауруханалар мен оқу орындарын нысанаға алып, азаматтық инфрақұрылым жойылуда.



Ұқсас жаңалықтар