Израильдің Сирияға шабуыл жасағаны алға тартылды

Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылы салдарынан көптеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны атап көрсетілді.

2098839
Израильдің Сирияға шабуыл жасағаны алға тартылды

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің әскери ақпарат көздерге сілтеген хабарында Израиль күштерінің жергілікті уақытпен сағат 00.30-да Хомс қала орталығы мен ауылдық аймақтарындағы кейбір жерлердің Израиль әскери ұшақтары тарапынан нысанаға алынғаны атап көрсетілді.

Хабарда «Әуе қорғаныс жүйелері Ливаннан келе жатқан зымырандарды атып кейбірлерін құлатты. Шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар қаза тапты. Материалдық шығынға қоса жаралылар да бар» делінді.

Израиль тарапынан болса шабуылға қатысты мәлімдеме жасалмады.

Бас қала Дамаск пен ауылдық аймақтарында Сирия армиясы мен Иран қолдайтын лаңкестік топтарға қоса Ливан Хизбулла күштері бар екені белгілі.

Израиль азаматтық соғыс басталған 2011 жылынан бері Сирияда кейде Иран қолдайтын топтар мен Сирия армиясына тиесілі әскери пункттерге шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар