Аден шығанағында жарылыс болды

Аден порты маңындағы бір коммерциялық кеменің жанында жарылыс болғаны хабарланды.

2098638
Аден шығанағында жарылыс болды

Йеменде Иран қолдаған хоуситтердің сауда-саттық кемелерге шабуылдары жалғасып жатқанда, Аден порты маңындағы бір коммерциялық кеменің жанында жарылыс болғаны хабарланды.

Ұлыбритания Жүк тасымалдау мекемесінен жасалған хабарламада Аден порты су айдынында бір сауда кемесі маңында жарылыс болғаны және оқиғаның құзырлы органдар тарапынан зерттелгені білдірілді.

Кеме мен экипаждың қауіпсіз екені атап көрсетілген мәлімдемеде сондай-ақ маңайдағы кемелерге сақтықпен өтуге және кез-келген күдікті әрекетті мекемеге хабарлауы туралы кеңес берілді.



Ұқсас жаңалықтар