Иордания Сыртқы істер министрі француз әріптесімен бас қосты

Министр Сафеди соғыстың кеңею қаупінің күн өткен сайын артып отырғанын мәлімдеді.

2097683
Иордания Сыртқы істер министрі  француз әріптесімен бас қосты

Иордания Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафеди Израильдің Газа секторына шабуылдарының жалғасуымен соғыстың кеңею қаупінің күн өткен сайын артып отырғанын мәлімдеді.

Иордания Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Сафеди елге сапармен келген Франция Сыртқы істер министрі Стефан Сежурнмен бас қала Амманда кездесті.

Газа секторында толық атысты тоқтату және бейбіт тұрғындарды қорғауға қоса, әрбір аймағына жеткілікті және тұрақты гуманитарлық көмекті жеткізуді қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерді жалғастыруды талқылаған екі министр елдерінің палестиналықтардың күштеп қоныс аударуын қабылдамайтынын мәлімдеді.

Кездесуде Сафеди Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарының жалғасуымен соғыстың кеңею қаупінің де күн санап артып отырғанын білдірді.

Сафеди халықаралық қауымдастықтың БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігіне қолдау көрсетуді жалғастыру керектігін атап көрсетті.

Франция министрі Сежурн болса БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігіне, әсіресе гуманитарлық жағдай нашарлап жатқан кезде Газа секторындағы негізгі ұйымдардың бірі ретінде қабылданғанын атап елінің агенттікке қолдауын тоқтатпағанын білдірді.

Сежурн сонымен қатар БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігіне елеулі айыптаулардан кейін ең жоғары деңгейде ашықтықты көрсетуге шақырды.

Израильдік лауазымдылар кейбір агенттік қызметкерлерінің өз елдеріне 7 қазан күні жасалған шабуылдарға қатысқанын алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар