Филиппинде су тасқынынан 16 адам көз жұмды

Филиппинде су тасқыны мен  лай көшкінінен қаза тапқандар саны 16-ға жетті.

2097652
Филиппинде су тасқынынан 16 адам көз жұмды

Филиппинде нөсерлі жаңбыр салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. Апатта  қаза тапқандар саны 16-ға жетті.

Нөсерлі жауынның ықпалы елдің екінші үлкен аралы Минданаода қатты болды.

Су тасқыны мен  лай көшкінінен қаза тапқандар саны 16-ға жетті.

Барлық зардап шеккендер Давао аймағында тіркеліп, 11 адам жараланған.

Жоғалған 3 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан 772 мың адам зардап шекті және 409 мың адам үйлерінен көшірілді.



Ұқсас жаңалықтар