Йоав Галлант Хизбулламен қақтығыстың жалғасатынын мәлімдеді

«Yedioth Ahronot» газеті Галлант жасаған мәлімдеменің бейнетаспасын әлеуметтік желісінен жариялады.

2096978
Йоав Галлант Хизбулламен қақтығыстың жалғасатынын мәлімдеді

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант Газа секторында атысты тоқтатуға қол жеткізілсе де, солтүстікте Хизбулла қозғалысымен қақтығыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

«Yedioth Ahronot» газеті Галлант жасаған мәлімдеменің бейнетаспасын әлеуметтік желісінен жариялады.

Осыған қарағанда Галлант «Израиль Газа секторына шабуылдарын тоқтатса да, солтүстіктегі Хизбуллаға қарсы шабуылдарын жалғастырады. Хизбулла оңтүстікте (Газа секторында) соғыс тоқтаса, солтүстікте де тоқтайды деп ойлайтын болса қателеседі» деді.

Галлант «Мен мұны анық айтамын, бұл жердегі шабуылдар солтүстікте адамдар қауіпсіз өмір сүретін жағдайға жеткенше аяқталмайды» деді.

Екінші жағынан Израиль армиясының соғыс ұшақтары Ливанның оңтүстігіндегі Блида қаласындағы Хизбулла нысаналарына әуе операциясы жасады.

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде Израильге тиесілі және шекарада орналасқан Авивим мен Йирон елді мекендеріне Ливан жерінен кейбір шабуылдардың жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде шабуылда адам шығыны болмағаны аталып, армияға тиесілі әскери ұшақтардың Хизбулланың Блида ауданындағы нысаналарды атқылағаны және қару қоймасында пайдаланылған бір жүк көлігінің де Кефр Шуба ауданында нысанаға алынғаны білдірілді.

Израиль армиясы мен Хизбулла арасында Израиль-Ливан шекарасында  2023 жылдың 8 қазан күнінен бастап, болған қақтығыстарда 177 Хизбулла мүшесі мен 30 ливандық бейбіт тұрғын және 6 Израиль азаматы мен 10 Израиль әскері қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар