Жапонияда Осака әуежайында екі жолаушы ұшағы соқтығысты

Жапонияда Осака әуежайында All Nippon Airways (ANA) әуе компаниясына тиесілі екі жолаушы ұшағы соқтығысты.

2096286
Жапонияда Осака әуежайында екі жолаушы ұшағы соқтығысты

Ресми «Kyodo» агенттігінің хабарлауынша, апат Итами әуежайында жергілікті уақыт бойынша сағат 10.10-да болған.

Ішкі терминалдың ұшу-қону жолағында болған апатта экипаж мүшелері мен жолаушылар зардап шекпеді, ұшақтарға аздаған зақым келген.

2 қаңтарда астанасы Токиодағы Ханеда әуежайында бортында 300-ден астам адам болған жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағында жағалау күзетінің ұшағына соғылып, өртеніп кеткен. Өртеніп жатқан ұшақтағы жолаушылар соңғы сәтте эвакуацияланып, құтқарылған. Сондай-ақ бөлініп кеткен шағын ұшақтағы 5 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар