PKK/YPG Айн әл-Араб ауданынан қыз баланы алып қашты

Террор ұйымының 14 жасар қыз баланы қарулы жасағына қосу үшін алып қашқаны білдірілді.

2095841
PKK/YPG Айн әл-Араб ауданынан қыз баланы алып қашты

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG Сирияның Алеппо қаласында басып алған Айн әл-Араб (Кобани) ауданынан 14 жасар қызды қарулы жасағына қосу үшін лып қашты.

Айн әл-Араб ауданындағы «Бир Куруд» ауылынан 28 қаңтар күні С.А.М атты қыз баланы алып қашқаны білдірілді.

Террор ұйымы алып қашқан балалардың отбасыларымен байланысуына кедергі жасағаны да атап көрсетілді.

PKK/YPG алып қашқан немесе кепілге ұстаған жастар мен балаларды қарулы жаттықтыру үшін лагерлерге апарғаны хабарланды.

Террористтер 2023 жылдың желтоқсан айында Айн әл-Арабта 12 жасар E.Ş.K атты қызды алып қашқан болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңіне арналған «Жыл сайынғы қарулы қақтығыстардағы балалар» есебінде террор ұйымы PKK мен Сириядағы тармағы SDG және YPG-нің 2022 жылы 1200-ден астам баланы әскер ретінде пайдаланғанын жариялады.

Есепте PKK-ның Сириядағы тармағы SDG-нің 637, PKK/YPG және SDG күштеріне қарасты құрылымдардың 633 баланы жасақтағаны атап көрсетілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш есептегі бағалауында «Балалардың HPG/PKK тарапынан сарбаз ретінде пайдалануына қатты алаңдаймын. Оларды балаларды сарбаз ретінде және әртүрлі мақсаттарда пайдалануды тоқтатуға және өз сабына қосқан  балалардың барлығын босатуға шақырамын» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар