Француз еврейлері Израильдің қатыгездеріне қарсы декларация жариялады

Шамамен 60 француз еврейі жарияланған декларацияда Газада дереу және түбегейлі атысты тоқтатуға шақырды.

2095834
Француз еврейлері Израильдің қатыгездеріне қарсы декларация жариялады

Шамамен 60 француз еврейі бүгін «Le Monde» газетінде жарияланған декларацияда Газада дереу және түбегейлі атысты тоқтатуға шақырды.

Декларацияға қол қойған француз еврейлері барлық адамның қадір-қасиетін қорғауды жақтайтындарын мәлімдеді.

Декларацияда «Газа мен Батыс Шерияда бейбіт тұрғындардың қырғындалуын заңдастырудың өзі тағылық және заңсыз болып табылады » делінді.

Декларация жариялаған француз еврейлері «Біз Нетаньяху үкіметі мен оның жақтастарының Холокост пайымдауымен  Газа және Батыс Шериядағы біздің және ата-бабаларымыздың атынан әрекет етуін қабылдамаймыз» деп  болған оқиғаларға наразылық көрсетті.

Декларацияда «Дүние жүзіндегі миллиондаған адамдар сияқты біз де дереу және түбегейлі атысты тоқтатуды, сондай-ақ израильдік кепілге алынғандар мен палестиналық тұтқындарды босатуды талап етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар