Нигериядағы қақтығыста 48 адам қаза тапты

Нигерияның Плато уәлаятында малшылар мен жиқандар арасындағы қақтығыста қаза тапқандар саны 48-ге жетті.

2094404
Нигериядағы қақтығыста 48 адам қаза тапты

Нигерияның Плато уәлаятында 5 күннен бері малшылар мен жиқандар арасында жалғасып жатқан  қақтығыста қаза тапқандар саны 48-ге жетті.

Мангу ауданы әкімі  Маркус Арту аймақта екі топ арасында жалғасып жатқан қақтығыстар салдарынан 48 адамның өмірін қиғанын мәлімдеді.

Арту қақтығыстар салдарынан жүздеген адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын атап өтті.

Нигериялық Қызыл Крест Мангу аймақтық төрағасы Нурудин Хусайни Магажи қақтығыстар салдарынан аймақта құрылған лагерьді шамамен 1500 адамның паналағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар