Иракта АҚШ сарбаздарына шабуыл

Байден: "Шабуылда АҚШ-тық 3 сарбаз қаза тауып, 34 әскер жараланды".

2094479
Иракта АҚШ сарбаздарына шабуыл

Құрамында Иракта Иран қолдау берген шиіт қарулы топтар да бар «Иракта Исламдық Төңкеріс» тобы АҚШ-тың Иордания-Сирия шекарасындағы әскери базасына пилотсыз әуе көліктерімен жасаған  және 3 АҚШ сарбазы қаза тапқан шабуылды өздерінің жасағанын жариялады.

«Ирак Исламдық Төңкеріс» тобы жасаған мәлімдемесінде Сириядағы "әл-Шаддади", "Рукбан" және «Тенеф» базаларына пилотсыз әуе көліктерімен шабуылдағанын білдірді.

Мәлімдемеде топтың сондай-ақ Израильдегі Зевулун Теңіз мекемесіне бірдей уақытта шабуыл жасағаны да алға тартылды.

АҚШ президенті Джо Байден «Иорданияның солтүстік шығысында, Сирия шекарасына жақын жерде орналасқан күштерімізге пилотсыз әуе көліктерімен жасалған шабуылда АҚШ-тық 3 сарбаз қаза тауып, 34 әскер жараланды» деп мәлімдеді.

Шабуыл туралы әлі де ақпарат жинап жатқандарын білдірген Байден «Мұны Сирия мен Иракта Иран қолдау берген радикалды содырлар жасағанын білеміз» деді.

Иордания үкіметі АҚШ күштеріне шабуылдың ел аумағында емес, Сирия шекарасындағы «Тенеф» базасында жасалғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар