Берни Сандерстен АҚШ-қа шақыру

Америкалық сенатор Сандерс «The Guardian» газетіне сұхбат берді.

2094288
Берни Сандерстен АҚШ-қа шақыру

АҚШ Конгресінің тәуелсіз сенаторы Берни Сандерс АҚШ-ты Израильге жасалған жәрдемдерін тоқтатуға шақырды.

Америкалық сенатор Сандерс «The Guardian» газетіне берген сұхбатында АҚШ Өкілдер палатасы мен Сенаттың Газа секторындағы «гуманитарлық ауыр жағдайды» елемегеніне назар аударды.

АҚШ-тың Нетаньяхуға заңсыз соғысын қолдау мақсатты бұдан кейін 1 доллардың өзін берілмейтінін анық жеткізу керектігіне назар аударған Сандерс «Ашық айтайық.: Газа секторында болып жатқандар біздің жағалауымыздан мыңдаған миль қашықтықта орын алған бақытсыз трагедия емес. АҚШ Израильге жыл сайын 3,8 миллиард доллар көлемінде әскери жәрдем жібереді. Газа секторын талқандаған бомбалар мен әскери техника Америка Құрама Штаттарында өндіріледі. Басқаша айтқанда біз жасалып жатқан қылмыстық оқиғаның ортағымыз» деді.

Сандерс өзінің жұмыс тобының Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы және басқа да гуманитарлық жәрдем мекемелерімен байланысқанын атап, егер аймақта гуманитарлық жәрдемге қол жеткізуде жағдай өзгермесе, онда көптеген адамның шөлдеу, іштің өтуі, алдын алуға болатын аурулар мен ашаршылық салдарынан өлуі мүмкін екеніне назар аударды.

Болған оқиғаның табиғи апат емес екенін ескерткен Сандерс «Бұл Израильдің радикал оңшыл үкімет басшысы Беньямин Нетаньяху мен басқа да саяси көшбасшылары жасаған таңдаудың тікелей нәтижесі болып табылады» деді.

Сандерс Газа секторына апаратын 3 су құбырының біреуінің ғана жұмыс істегенін атап, БҰҰ-ның Газа секторында қазір 570 мың адамның ашаршылықпен бетпе-бет екенін баяндағанына атап көрсетті.

Газа секторындағы денсаулық сақтау қызметінің тоқтап қалғанын мәлімдеген Сандерс «Бүгін Газа секторында жағдай осындай. Американдықтар бұны көру керек. Байден әкімшілігі мұны көру керек. Конгресс мұны көру керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар