Украинаға 6 дана тікұшақ береді

Осы қарулардың 2024 жылдың екінші тоқсанынан кейін жеткізілетіні атап айтылды.

2092757
Украинаға 6 дана  тікұшақ береді

Германия Украинаға 6 дана  «Sea King Mk41» типті көп мақсатты тікұшақ береді.

Германия Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде министр Борис Писториустың «Рамштейн» форматында онлайн режимінде өткізілген Украина қорғаныс байланыс тобының 18-ші отырысына қатысқаны айтылды.

Мәлімдемеде Германияның биыл Украинаға қолдауын арттыратыны, сонымен қатар Украинаға армия қорларынан «6 Sea King Mk 41» типті көп мақсатты тікұшақ пен қосалқы бөлшектер пакетін берумен қатар, ұшу және техникалық оқу-жаттығуларға қолдау көрсететіні айтылды.

Осы қарулардың 2024 жылдың екінші тоқсанынан кейін жеткізілетіні атап айтылды.

Мәлімдемеге қарағанда Қорғаныс министрі Писториус аталған тікұшақтардың украиндарға Қаратеңіздегі барлаудан сарбаздарды тасымалдауға дейін көптеген салада көмектесетін мықты тікұшақ екенін айтып, Германияның Украинаға осындай көмекті бірінші рет беретінін білдірді.

Қорғаныс министрі Писториус 2024 жылы 10 мың украин әскерін оқытуды жоспарлап отырғандарын да атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар