Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-нде қабылданды

ТҰҰМ-нде өткен дауыс беруде Швецияның НАТО-ға мүшелік ұсынысы 287 "қабылдау" дауысымен бекітілді.

2092573
Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-нде қабылданды

Швецияның НАТО-ға мүшелік хаттамасының бекітілуін мақұлдайтын заң жобасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Жалпы Кеңес отырысында қабылданды.

Мәжіліс Жалпы Кеңесінде Швецияның Солтүстік Атлант келісіміне (НАТО) мүшелік туралы хаттаманы бекіту туралы заң жобасын талқылау аяқталды.

Келіссөздердің соңында дауыс беруге қатысқан 346 депутаттың 287-нің дауысымен ұсыныс қабылданып, заң күшіне енді. Бұл ұсынысқа 55 депутат «қарсы» дауыс, 4 депутат «қалыс» деп дауыс берді.

Түркиядан кейін барлық назар Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдауға тиіс тағы бір ел Венгрияда.

НАТО Парламенттік Ассамблеясының Президенті Михал Щерба өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада НАТО Парламенттік Ассамблеясының Түркия делегациясына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, «Венгрия парламентіндегі әріптестерімді де мүшелікті қабылдау процесін мүмкіндігінше тезірек аяқтауға көмектесуге шақырамын» деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдемесінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің шешімін құптағанын және Венгрияның мақұлдау үдерісін тезірек аяқтайтынына сенімді екенін білдірді.

Столтенберг «НАТО-ның барлық одақтастары Вильнюсте өткен саммитте Швецияны одаққа қосылуға шақыру туралы келісті. Швеция өз міндеттемелерін орындады. Швецияның мүшелігі НАТО-ны күштірек және бәрімізді қауіпсіз етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар