Ирандағы лаңкестік шабуылда қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Кирман қаласындағы Касым Сүлейманидің зираты маңында екі жанкешті шабуыл жасалды.

2092778
Ирандағы лаңкестік шабуылда қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Иранның Кирман қаласында 3 қаңтар күні Төңкеріс сарбаздарының «Құдс» күштері қолбасшысы Касым Сүлейманидің зираты маңында жасалған екі жанкешті шабуылда қаза тапқандар саны 95-ке жетті.

Иран Мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Кирман жедел жәрдем орталығының баспасөз хатшысы Мұхаммед Сабери шабуылда жараланғандар арасында емделіп жатқан 11 жасар Назанин Ачекзехи есімді қыздың бүгін қайтыс болғанын, қаза болғандар санының 95-ке жеткенін мәлімдеді.

Сүлейманидің 2020 жылдың қаңтар айында АҚШ-тың Бағдаттағы шабуылында қаза табуының 4 жылдығында зиратқа апаратын жолда екі жарылыс болды.

Иран билігі жарылыстардың жанкешті шабуылдар нәтижесінде орын алғанын хабарлады. Шабуылдарды ДАИШ террор ұйымы мойындады.

Оқиғадан кейін басталған операцияларда 6 штатта 35 адамның ұсталғаны және жанкештілердің бірінің Тәжікстан азаматы екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар