Сирия үшін тағы санкция жарияланды

Санкция тізіміне алынған кісі мен ұйымдардың Еуропа Одағындағы активтері бұғатталды.

2092425
Сирия үшін тағы санкция жарияланды

Еуропа Одағы Сирияда Башар Асад әкімшілігімен байланысы бар екені анықталған алты кісі мен бес ұйымға санкция шешімін берді.

ЕО Кеңесінің хабарламасында Асадтың экономика кеңесшісі, әкімшілікке қолдау беретін үш іскер және Асад отбасымен қатысы бар екі кісінің санкция тізіміне алынғаны білдірілді.

Ақылы әскердің жеткізілуі,  қару саудасы, есірткі саудасы немесе лас ақша ақтау секілді қылмыстармен айналысып, Асад әкімшілігіне қолдау бергені анықталған бес ұйым арасында «Al-Dj Group», «Cham Wings», «Freebird Travel Agency», «Iloma Investment Private JSC» және  «Al-Aqila» компаниялар бар.

Санкция тізіміне алынған кісі мен ұйымдардың Еуропа Одағындағы активтері бұғатталды. Экономикалық қозғалыстарына тыйым салынды. Өздерінің Еуропа Одағына саяхат етуіне де тыйым салынды.

ЕО-ның Сирияда Асад әкімшілігімен байланысы барларға санкция салу тізімінде 300 кісі мен 80-нен астам ұйым бар.



Ұқсас жаңалықтар