«АҚШ Украинаға қолдау беруін жалғастырады»

«Еуропа да солай жасайды» деді Блинкен.

2089847
«АҚШ Украинаға қолдау беруін жалғастырады»

«АҚШ Украинаға қолдау беруін жалғастырады,  Еуропа да солай жасайды»

Бұл уәдені Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина Президенті Владимир Зеленскийге Давостағы Дүниежүзілік Экономика форумы кезінде берді.

Блинкен «Ниетіміз – Украинаға көмекті жалғастыру. Осы тақырыпта Конгреспен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Еуропадағы әріптестеріміздің де осылай істейтінін білемін» деді.

Зеленскийдің кеңсесі кездесуге АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Сулливан және АҚШ-тың Украинаның экономикаалық жақсаруына жауапты арнайы өкілі Пенни Притзкердің де қатысқанын білдірді. Қатысушылар Украина мен АҚШ арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық, Украинаның әуе қорғаныс жүйесінің нығайтылуы, Киевке ұзын қашықтықты қару қамдау секілді тақырыптарды қарастырды.



Ұқсас жаңалықтар