Соңғы 24 сағатта Газа секторында 185 адам қаза тапты

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

2089434
Соңғы 24 сағатта Газа секторында 185 адам қаза тапты

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің Газа секторына 102 күннен бері қарқынды шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында соңғы 24 сағатта тағы 185 палестиналық өлтіріліп, 320 адамның жараланғаны атап көрсетілді.

Израиль күштерінің соңғы 24 сағатта «15 қырғын» жасағаны назар аударылған мәлімдемеде 7 қазан күнінен бері жалғасқан шабуылдарда қаза тапқан палестиналық санының 24 мың 285, жаралы санының болса 61 мың 154-ке жеткені білдірілді.

Зардап шеккендердің көпшілігінің үйінділер астында немесе жол бойында жатқаны, жедел жәрдем көліктері мен азаматтық қорғаныс топтарының оларға жәрдем үшін жете алмағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар