Жапониядағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 221-ке жетті

Хабар-ошарсыз кеткен деп тіркелген 22 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

2088795
Жапониядағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 221-ке жетті

Жапонияның Исикава уәлаятында 1 қаңтар күні болған 7,6 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 221-ге, жараланғандар саны 1 мың 16-ға жетті.

Хабар-ошарсыз кеткен деп тіркелген 22 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Исикаваға қоса, Тояма, Ниигата, Фукуи және Гифуда да жер сілкінісінен 15 мыңға жуық үй зақымданды.

Исикава уәлаятының Ното ауданындағы 9 мың 100 үй әлі күнге дейін жарықсыз отыр. Суды ішінара тоқтату жалғасуда.

1 қаңтар күні болған 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін аймақта екі аптаның ішінде 1 мың 398 дүмпу тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар