Ресей Украинаның әскери өнеркәсіптік орындарын нысанаға алды

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс туралы мәлімдеді.

2088428
Ресей Украинаның әскери өнеркәсіптік орындарын нысанаға алды

Ресей Украинаның әскери өнеркәсіптік орындарын нысанаға алғанын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемесінде Ресей армиясының Украинадағы әскери операцияларымен байланысты ақпар берілді.

Мәлімдемеде "Ресей Қарулы күштері Украина жерінде артиллерия және пилотсыз әуе көліктері шығаратын әскери өнеркәсіптік нысандарға бағыттап әуе шабуылы жасады. Шабуылда гипер дыбысты «Кинжал» зымырандық жүйесіне қоса, теңіз бен әуеден алыс қашықтықтағы, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ және пилотсыз әуе көліктері қолданылды. Шабуыл мақсатына ұласты. Барлық анықталған нысандар жойылды» делінді.

Мәлімдемеде «Әскери операция басталған күннен бері Украина армиясына тиесілі 567 ұшақ, 265 тікұшақ, 10 мың 641 пилотсыз әуе көлігі, 448 әуе қорғанысы зымырандық жүйесі, 14 мың 588 танк пен броньды техника, 1 мың 202 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 7 мың 704 гаубица мен миномет және 17 мың 376 арнайы әскери көлік жойылды» делінді.

2022 жылы 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруге бұйрық беріп, осылайша Ресей-Украина соғысы басталған болатын.

Путин Киевтің НАТО мүшелігіне жол бермеу және оны Ресейдің ықпалында ұстау үшін елді әскерилеруді және нацизмнен арылдыруды мақсат екенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар