Вакцина қоқысқа кетті
Ковид вакциналарының мерзімі өтіп кеткен.
![Вакцина қоқысқа кетті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/400f/0c8e/5057/659eab3a032ef.jpg?time=1722046784)
Уганда үкіметі несиеге сатып алған 5,6 миллион доза вакцина мерзімі өтіп кеткендіктен қоқысқа тасталды.
Парламентке берген баяндамасында Уганда Есеп сотының президенті Джон Муванга Дүниежүзілік банк несиесіне сатып алынған миллиондаған доза Ковид-19 вакцинасының мерзімі өтіп кеткенін айтты.
Муванга мерзімі өткен вакцинаның 5,6 миллион дозасының құны 7,3 миллион доллар екенін білдірді.
Мерзімі өткен вакциналарға байланысты жыл соңына дейін жалпы 78 миллион доллар шығын болатынын атап көрсеткен Муванга емдеу әдісінің өзгеруіне байланысты пайдаланылмаған СПИД дәрілерінің де жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін және олардың құнының 8,6 миллион доллар екенін білдірді.
Африкада вакцинаға қызығушылықтың төмендігі мен тасымалдау қиындықтарына байланысты вакцинация науқаны көптеген елде сәтті болмады.
Ұқсас жаңалықтар
![Францияда пойыз қатынасы үзілді](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/adfb/a275/ae5d/66a35e6910f0f.jpg?time=1722046784)
Францияда пойыз қатынасы үзілді
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бірнеше сағат қалғанда пойыздар тоқтап қалды.