Израиль нысанасының Ливан екенін көрсетті

Халеви: «Ливанда Израиль сарбаздары жоя алмайтын аймақ жоқ».

2087189
Израиль нысанасының Ливан екенін көрсетті

Израиль Бас штаб басқармасы төрағасы Герци Халеви «Ливанда Израиль сарбаздары жоя алмайтын аймақ жоқ екенін» алға тартты.
Армия жасаған мәлімдемеге қарағанда Герци Халеви Газа секторында Израиль әскерлерімен бас қосты.
Израиль армиясының Газа секторындағы құрлық шабуылдарында сәтті болғанын алға тартқан Халеви мұндағы әскерлерге «Газа секторында сіз жоя алмайтындай жер қалай болмаса, Ливанға басып кірген соң сіз жоя алмайтын аймақ сонда да жоқ. Сізді қажетті аймаққа жібереміз, сол жерде не қажет болса оны жасайсыңдар» деді.
Израиль армиясы мен Хизбулла арасында 8 қазан күнінен бері шекарада жалғасып жатқан қақтығыстарда қазірге дейін ливандық 28 бейбіт адам, 159 Хизбулла мүшесі, 5 Израиль азаматы және 9 Израиль әскері қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар