Нигерияда контрабандалармен күрес жалғасуда

Контрабандалардан тәркіленген 11,2 миллион доллар құнындағы 2,5 тонна піл сүйегі жойылды.

2086694
Нигерияда контрабандалармен күрес жалғасуда

Нигерияда контрабандалардан тәркіленген құны 11,2 миллион доллар құнындағы 2,5 тонна пілдің сүйегі жойылды.

Нигерия Ұлттық экологиялық стандарттар мен ережелерді орындау агенттігі бас директоры Алию Жауро контрабандалардан тәркіленген құны 11,2 миллион долларлық (9,9 миллиард наира) 2,5 тонна піл сүйегі жойылғанын атап көрсетті.

Жауро жойылған піл сүйегінің көпшілігінің Нигерияға заңсыз жолмен тасымалданғанын мәлімдеді.

Піл сүйегі саудасына тосқауыл қою мақсатты жойылғанын білдірген Жауро «Қолға түскен піл сүйегі қорларын жою арқылы елімізде жабайы жануарлар саудасына жол берілмейтінін тағы бір рет көрсеттік» деді.

Африканың батысында заңсыз жолмен алынған піл тісі сүйегі дәстүрлі медицина, зергерлік бұйымдар өндірісі және кәдесый жасауда пайдаланылғандықтан әртүрлі елдерге заңсыз түрде жіберілуде.



Ұқсас жаңалықтар