Неміс сотының PKK террор ұйымы туралы шешімі

Шешіммен PKK басшысының фотосуреттерін, төсбелгілер мен шүберектерін жиналыс пен шерулерде қолдануға тыйым салынды..

2086013
Неміс сотының PKK террор ұйымы туралы шешімі

Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия штатында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның басшысының фотосуреттерін жиналыстар мен шерулерде пайдалануға тыйым салу шешімі Жоғарғы сотта бекітілді.

Солтүстік Рейн-Вестфалия штаттық соты Дюссельдорф мемлекеттік сотының 2017 жылдың қараша айында тыйым салу шешіміне қарсы наразылықтарды, PKK Еуроодақтың (ЕО) террор тізімінде орын алғаны және Германияда жұмыс істеуге тыйым салынғаны себепті қабылдамады.

Осылайша Солтүстік Рейн-Вестфалия Жоғары әкімшілік соты Дюссельдорф штаттық сотының жиналыс пен шерулерде террор ұйымы басшысының фотосуреттерін пайдалануға тыйым салуын қолдады.

Солтүстік Рейн-Вестфалия Жоғары әкімшілік сотының бұл шешімінің Федералдық әкімшілік сотқа шағымдануға ашық екені айтылды.

Дюссельдорф мемлекеттік сотының шешімімен PKK террор ұйымы басшысының фотосуретіне қоса, ұйымға тиесілі төсбелгілері мен шүберектеріне де тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар