Жапониядағы жер сілкіністерінде 168 адам қаза тапты

Қаңтар айының басынан бері жалғасқан жер сілкіністерінде 323 адам із-түссіз жоғалды.

2085622
Жапониядағы жер сілкіністерінде 168 адам қаза тапты

Жапонияның батысындағы Исикава аймағы және Ното түбегі жағалауында болған жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 168-ге жетті.

«NHK» агенттігі Исикава аймағы лауазымдыларының қаңтар айының алғашқы күндерінде болған жер сілкіністері туралы мәлімдеме жасағанын хабарлады.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 168-ге жеткенін мәлімдеген лауазымдылар 323 адамның да із-түссіз жоғалғанын білдірді.

Екінші жағынан лауазымдылар жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда жауған қалың қар себепті зақымдалған ғимараттарға қарсы ескерту жасады.

Жапония метеорологиялық агенттігі (ЖМА) халықты көлік қатынасындағы кемшіліктер мен электр желілері және ағаштардағы қар жиындарына қоса, басқа да қауіптерге қарсы сақ болуға шақырды.

"ЖМА" Ното түбегі мен Исикава аймағы жағалауында 1-4 қаңтар күндері аралығында магнитудасы 4 бен 7 балл аралығында өзгерген жер сілкіністері болғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар