Оңтүстік Корея оппозиция лидері шабуылға ұшырады

Оңтүстік Кореяда басты  оппозициялық Демократиялық партияның лидері  Ли Чжэ Мен пышақталды.

2082907
Оңтүстік Корея оппозиция лидері шабуылға ұшырады

Оңтүстік Кореяда басты  оппозициялық Демократиялық партияның лидері  Ли Чжэ Мен құрылыс алаңына барған кезде пышақталды.

Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Ли Чжэ Мен Пусандағы Гадеок аралындағы құрылыс алаңында таңертең болған.

Баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп жатқан Лиге қолтаңба аламыз деген сылтаумен жақындаған шабуылшы қолындағы кескіш құралмен басты оппозиция лидерінің мойнын жарақаттады.

Шабуылдан кейін мойнынан қан кеткен Ли ауруханаға жеткізілді.

Ер адам екені хабарланған шабуылшы оқиға орнында ұсталды. Оның жеке басы мен сипаттамасы туралы толық ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар