Мексикадағы қарулы шабуылда 6 адам қаза тапты

Қарулы бір топ ойын-сауық кеші ұйымдастырылған бір үйде шабуыл жасады.

2082422
Мексикадағы қарулы шабуылда 6 адам қаза тапты

Мексиканың Сонора штатында бір ойын-сауық кешіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан 6 адам қаза тауып, 4-уі ауыр 26 адам жараланды.

Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатының Сьюдад-Обрегон қаласында қарулы адамдар бір үйде ұйымдастырылған ойын-сауық кешіне шабуыл жасады.

Шабуылдан 6 адам қаза тауып, 4-уі ауыр, барлығы 26 адам жараланды.

Қайтыс болғандардың екеуінің 18 жасқа толмаған жас өспірім, ал жараланғандардың 5-інің бала екені айтылды.

Прокуратура жасаған мәлімдемеде шабуылда кісі өлтіру және басқа да айыптар бойынша іздеуде жүрген бір картель мүшесінің нысанаға алынғаны және өлтірілгені айтылды.

Шабуылшылардың қашып кеткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар