Израиль Шерияның батысына шабуылдады

Израиль әскерлері Әл-Халил қаласында палестиналықтарға оқ жаудырып, 2 адамды өлтірді.

2081120
Израиль Шерияның батысына шабуылдады

Израиль басқыншылығы астындағы Шерияның батысында бейбіт тұрғындарды нысанаға алуды жалғастыруда.

Израиль күштері Тулкарм қаласына шабуыл жасады. Қақтығыс кезінде 6 палестиналық қаза тапты.

Израиль әскерлері Әл-Халил қаласында палестиналықтарға оқ жаудырып, 2 адамды өлтірді.

7 қазан күнінен бері басқыншылық астындағы Шерияның батысы мен Иерусалимнің шығысында қаза тапқан палестиналықтар саны 305-ке жетті.

Израиль армиясы Шерияның солтүстігінде орналасқан «Нұр-Шамс» босқындар лагерін де нысанаға алды.

Израиль әскерлері көптеген әскери көлік және бульдозермен аймаққа басып кіріп, бір ғимаратты бомбалады.

Израиль күштері лагерьдегі палестиналықтардың мүліктерін қиратып, инфрақұрылымына да зақым келтірді.

Израиль әскерлері адамдарды ұстауды жалғастыруда.

Бүйтүллахимнің оңтүстігіндегі Бейт-Феккар және Хадр аудандары мен «Аида» босқындар лагерінде бірі журналист барлығы 55 палестиналық қамауға алынды.

Аймақта 7 қазан күнінен бері ұсталған палестиналықтар санының 4 мың 785-ке жеткені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар