Израиль шабуылдарын жалғастыруда

Израиль әскері соңғы 24 сағатта Газада 100-ден астам жерге соғыс ұшақтарымен шабуыл жасады.

2081042
Израиль шабуылдарын жалғастыруда

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 20 мың 915-ке жетті және 54 мың 918 адам жараланды.

Израиль әскері соңғы 24 сағатта Газада 100-ден астам жерге соғыс ұшақтарымен шабуыл жасады. Аймақтың оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласында екі үй бомбаланды. Шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың көп екені жарияланды. Хан-Юнистегі Насер ауруханасы маңындағы аймақты да бомбалаған Израиль әскері қала орталығын нысанаға алған артиллериялық атуды жалғастырды.

Рафах қаласында да бір үй бомбаланды.

Шабуылдан кемінде 2 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Израиль әскері Газаның орталық бөлігіндегі Бурайж босқындар лагеріне де артиллериялық оқпен шабуыл жасады. Аймақтан қалың түтін көтерілді.

Израиль де теңізден шабуыл жасап жатыр.

Әскери кемелер Нусейрат босқындар лагерінің батысына шабуыл жасады. Газада соңғы 24 сағатта жасалған шабуылдарда 241 палестиналық қаза тауып, 382-сі жараланды.



Ұқсас жаңалықтар