Босқындар лагеріне шабуыл жасады

Израиль күштері лагерьдегі палестиналықтардың мүлкін қиратып, көше мен инфрақұрылымға да зақым келтірді.

2080914
Босқындар лагеріне шабуыл жасады

Израиль әскері басып алынған Батыс Шерияның солтүстігінде орналасқан Нұр-Шамс босқындар лагеріне шабуыл жасады.

Израиль әскерлері көптеген әскери көлік және  бульдозерлермен аймақты басып алып, бір ғимаратты қоршап, оның ішіндегі пәтерді «Энерга» зымыранымен бомбалады.

Израиль күштері лагерьдегі палестиналықтардың мүлкін қиратып, көше мен инфрақұрылымға да зақым келтірді.

Израиль күштері мен палестиналық тойтарыс жауынгерлері арасында қарулы қақтығыс болып, Нұр-Шамс босқындар лагерінің көптеген аудандарында жарылыс дакуыстары естілді.

Басқа жақтан Палестинаны азат ету халықтық майданы басшыларының бірі, бұрынғы депутат Халиде Джаррар Батыс Шериядағы Әл-Бире қаласындағы үйіне жасалған шабуыл кезінде Израиль күштері тарапынан ұсталды. Джарарды Израиль күштері бұған дейін де талай рет ұстаған.

Израиль армиясы Батыс Шериядағы Нұр-Шамс босқындар лагеріне жиі шабуыл жасап, жолдарды қиратып, су, телефон, канализация және электр желілерін зақымдап кетеді.



Ұқсас жаңалықтар