АҚШ Ирактағы террор нысаналарына шабуылдады

АҚШ Ирактағы әскери базасына шабуыл жасаған "Катаиб Хизбуллах" ұйымын нысанаға алды.

2080780
АҚШ Ирактағы террор нысаналарына шабуылдады

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде Иранды қолдайтын "Катаиб Хизбуллах" ұйымының Ирактағы Америка базасына жасалған пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуылда 3 АҚШ әскерінің жараланғанын атап көрсетті.

АҚШ президенті Джо Байденнің бұйрығынан кейін АҚШ армиясының Ирактағы "Катаиб Хизбуллах" ұйымына тиесілі 3 нысанға шабуыл жасағаны білдірілді.

АҚШ басшылық жасаған ДАИШ-ке қарсы коалицияның Ербилдегі базасына кеше пилотсыз әуе көліктерімен шабуыл жасалып, Ербилдегі азаматтық әуежайда рейстер тоқтатылған еді.

Екінші жағынан Ирактың жергілікті ақпарат құралы «Shafaak News»-тің хабарына қарағанда АҚШ күштерінің Бабил қаласындағы «Хашди Шаби» ұйымының нысаналарына жасалған шабуылында ұйымға мүше 20 адамның жараланғаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар