ЕО елдерінің басшылары ертең Брюссельде бас қосады

Еуроодақ (ЕО) елдерінің басшылары ертең Бельгияның астанасы Брюссельде бас қосады.

2076269
ЕО елдерінің басшылары ертең  Брюссельде бас қосады

Еуропа Одағына мүше 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшыларының қатысуымен Брюссельде басталатын ЕО көшбасшылар саммиті екі күнге созылады.

Саммитте Украинаға қолдауды жалғастыру, Израиль-Палестина қақтығысына қатысты ортақ ұстаным, Одақ бюджетін кеңейту және өзгерту сынды түрлі мәселелер талқыланады.

Саммитке  Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз төрағалық етеді. Жиналысқа Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель қатысады.



Ұқсас жаңалықтар