Судан БАӘ-нің 15 дипломатының елден кетуін талап етті

Судан Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2075019
Судан БАӘ-нің 15 дипломатының елден кетуін талап етті

Судан Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) 15 дипломатынан 48 сағаттың ішінде елден кетуін талап етті.

Судан Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде БАӘ-нің 15 дипломаты үшін «персона нон грата» деп жариялау шешімін БАӘ-нің Судандағы уақытша сенімді өкілі орынбасары Бедрийе әл-Шаххиге жеткізілгені білдірілді.

Мәлімдемеде аталмыш 15 адамның 48 сағат ішінде Суданнан кетуінің талап етілгені атап көрсетілді.

Суданның Егемендік кеңесі мүшесі және армия қолбасшысы орынбасары генерал Ясир әл-Ата 27 қараша күні бас қала Хартумның батысындағы Омдурман қаласындағы «Вади Сеййидна» атты әскери әуе базасында сөйлеген сөзінде «БАӘ-нің мафиялық бір ел екенін және қарулы топтарға (Жылдам қолдау күштеріне) көршілес елдердің әуежайлары арқылы үнемі қолдау көрсеткенін» алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар